№21 мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балаларына және 1-4 сынып оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақпен қамтудың сапалы ұйымдастырылуы.

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, жетім,көп балалы  және ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды  қамтамасыз ету және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында  мектеп директорының №57 бұйрығы шығарылды. 
Әр категория байланысты оқушылардың тұрмыстық жағдайын комиссия мүшелерін және сынып жетекшілермен бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектеп бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі шығарылды.Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөнінде төмендегі құрамда комиссия құрамы бекітілді.

  1. Умирзакова Кулара- комиссия төрайымы
  2. Тулепова Айгерім-әлеуметтік педагог

3.Досболаева Ақкенже - мектеп медбикесі

4.Джумсакбаева Айнагул -қамқоршылық кеңес төрайымы,

5.Оразбаева Сандуғаш- тәрбие ісі орынбасары

6.Умирзакова Жазира- психолог

Мектеп асханасынан берілетін ас мәзірін ауд. санитарлық-эпидемиялық орталық бекітілген. Осы ас мәзірі бойынша 1-4 сыныптар бойынша 490 бала, соның 21-сі аз қамтылған, 5-9 сыныптар бойынша 22 оқушы тегін ыстық тамақ ішеді.Мектеп асханасының жылдық жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді.Екі ауысымда 512 оқушы тізімделіп, І ауысымда 246, 2-ауысымда 266 оқушы тамақтанады. Тамақтануға келген оқушылар күнделікті журналға белгіленіп отырады. Сабаққа келмеген оқушының себебі анықталып, өтініш,денсаулық туралы  анықтамалары салынады. Арнайы бекітілген 2 апталық ас мәзірі әр күн сайын ілініп отырады. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі ай сайын  аудандық білім бөліміне есебі беріліп отырады.

Орындаған: әлеуметтік педагог  А.Тулепова