1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің» №21 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға мына пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды:
1. Педагог - ассистент - 2 жүктеме (тұрақты)
2. ⁠Орыс сыныбындағы бастауыш сынып мұғалімі - 1 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уақытша)
3. Психолог - 2 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уакытша);
4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме (тұрақты)
5. Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уақытша)
6. ⁠Педагог - ұйымдастырушы - 1 жүктеме (тұрақты)
7. ⁠Көркем еңбек нұсқаушысы - 1 жүктеме (тұрақты)
2. Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес.
3. Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес белгіленеді.
Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2024 жылдың 7 - 14 қараша аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы Қағидаларға 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа https://hr - nobd.edu.kz/ веб - сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.
 Құжаттар №21 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Байланыс телефондары: 
8(71237)2 - 02 - 50
Мектептің электронды почтасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.