№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 16 мамыр күні 8-9 сынып оқушылары үшін “Нашақорлық және жастар проблемасы” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа аудандық емхананың нарколог дәрігері Мусина Зарифа Шамшадиновна және емхана психологы Жұмабекова Мөлдір Жұмабекқызы қатысты. 
Мақсаты: оқушыларға есірткінің зияны, электрондық темекінің адам ағзасына тигізер теріс әсері туралы, одан аулақ болуы туралы айтылды. Денсаулықтың бірінші байлық екенін басты назарға ұстап, өз денсаулығымызды күту парызымыз екенін ұғындыру болды.