№21 жалпы орта білім беретін мектебінің Мектепалды даярлық тобында “Армысың , Әз - Наурыз” атты ашық шара өтті.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге, тәрбиелеу. Тәрбиеленушілер мерекеге ата аналарымен қатысып өз өнерлерін әсем ән, мың бұралған билерін ортаға салып, үш ауылға бөлінді. Әйтеке би, Қазбек би, Төле би ауылдары болып бір бір салт дәстүрлерін балаларға көрсетіп, насихаттады. Қазбек би бесікке салу, Әйтеке би ереуілдік, Төле би тұсау кесермен ортаға көріністерін көрсетті. Ұлттық ойындармен орта толды. Тәрбиеленушілер арасында арқан тартыс, қыз қуу, қол күрес т.б.с. әрі қарай жалғасын тапты. Ата - аналар балалармен дастарханға жайғасып, керемет бата - тілектер айтылды. Наурызымыз құтты болсын, ақ мол болсын еліміз тыныш болсын.
Жетекшісі: Кенжегариева Лайла Исламгалиевна












