Мәңгі жаса, қыран елім, Қазақстаным
21 жалпы орта білім беретін мектепте МАД "Б" тобының тәрбиешісі Л.И.Кенжегариеваның ұйымдастыруымен "Республика күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге Отан туған жер, туған өлке туралы түсініктерін кеңейту. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатындығын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбиеленушілерге еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған елге сүйіспеншілігін арттыру. Отан сүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.












