“Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы”
№21 жалпы орта білім беретін мектепте “Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы” бағдарламасына сәйкес 7 “Ә” сынып жетекшісі Ж.Сағындыққызы “Балаңыздың ой - пікірін ояту” тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің оқу процесіне тигізетін әсерін ата - аналарға ұғындыру. Жас өспірімдердің психикалық қабілеттері мен дағдыларын дамытудың маңыздылығын ата - аналарға түсіндіру.
Сабақтың жоспары бойынша ең бірінші ата - аналарға “Ақ парақ” әдісі арқылы адам кескінін салып, сол арқылы баланың мінез - құлқын түсіндіру мақсатында тренинг өткізілді. Сабақ “28 оқушы - 28 тұлға” атты пікір алмасу түрінде жалғасын тауып, ары қарай бала мен ата - ананың мықты байланысы, баланың тәрбиесі, психикалық қабілеттері мен дағдылары жөнінде сынып жетекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ соңы “Апайға хат” әдісі арқылы қорытындыланды.












