1 наурыз - Алғыс айту күні - еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күні. Бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің символына айналғаны рас. Осы орайда №21 жалпы орта білім беретін мектептің 11 “В” сынып оқушылары “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 1 наурыз АЛҒЫС АЙТУ күні қарсанында “АЛТЫН ЖҮРЕК” акциясын өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/birt-tas-t-rbie/783-altyn-zh-rek-chellendzhi.html#sigFreeId5580247ab2
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/birt-tas-t-rbie/783-altyn-zh-rek-chellendzhi.html#sigFreeId5580247ab2












