ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН
Жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жою мақсатында Халықаралық күрес күні деп аталып келеді. Осыған орай N21 жалпы орта білім беретін мектепте “Зорлық - зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясын ұйымдастыру мақсатында “Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” тақырыбында жоспар жасақталып, бекітілді. Осы аталған акцияға мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Іңкәр Тәжіғұлқызы және мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Бақтыгүл Тәжіғалиевамен бірлескен жоспар өз жұмысын бастады.