Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президентін сайлау қазан айының 19 жұлдызына жоспарлануда.
Құрметті, оқушы!
Егер Сіз өзіңізді:
Көшбасшылыққа лайықпын деп санасаңыз
“Өзін-өзі басқару” ұйымының жұмысы мен фракция министрлерін тағайындап, өзіңіз ойлағандай орта құруды ұйымдастыра отырып мектеп өміріне белсене ат салысамын десеңіз
Өз мектебіңізді білім, мәдениет, тәртіп, спорт қай жағынан да жетістіктерге жеткізуге ат салысып, оқушыларды ұйымдастыра аламын десеңіз
Онда Сізді мектеп көшбасшысы - Президент болуға шақырамыз!
Көшбасшылық - ақыл мен жігер теңдігі!
Мектеп көшбасшысы болу - болашаққа тәжірибелі нық қадам!
Ұмтыл! Өзіңді дәлелде! Көшбасшы бол!
Өз жобаңызды ұсыныңыз!
Қабылдау уақыты: 14 қазанға дейін
Сайлау күні: 19 қазан, 2024 жыл.












