N21 жалпы орта білім беретін мектепте 17 қаңтар күні 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Түлектер кеші” өтті. Кешке 2001, 2004, 2005, 2006, 2007 жылғы түлектер келіп, мектепке деген сағыныштарын басып, өткен шақтарын әдемі еске алды. Түлектер өз ойларын ортаға салып, ұстаздарға деген ыстық лебіздерін жеткізді. Мектебіміздің қазіргі түлектері аға - апаларына ән шашуларын паш етіп, түрлі билер мен ойындар ұйымдастырды. Сонымен қатар кешімізге зейнеткерлікте отырған ұстаздарымыз Ермағанбетова Сәуле, Еділханова Ақзер апайларымыз келіп, жылы ықыластарын білдірді. Кеш жоғары деңгейде өтіп, түлектер мектеп оқушыларына рахметтерін жеткізді.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/birt-tas-t-rbie/494-t-lekter-keshi.html#sigFreeId9f1e837968












