N21 жалпы орта білім беретін мектепте “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қаңтар айының іс - шара жоспарына сәйкес 23 қаңтар күні 6 “В” сыныбында “Өмірге салауатты қадам” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында оқушыларға Салауатты өмір салтын ұстау бағыттары, дұрыс тамақтану жөнінде айтылды. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру үшін шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішу сияқты әдеттерден сақтану керектігі айтылды. Оқушылар өз ойларын сурет салу арқылы көрсетіп топтар арасында шағын сурет байқауы да өткізілді. Сынып сағатының соңында оқушыларға көңілді минуттар ұйымдастырылып сынып оқушыларының ынтымақтастығы арта түскендей болды.
Сынып жетекшісі: Сатканбаева Рита Ракымжановна