N21 жалпы орта білім беретін мектепте 18 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған “Тәуелсіз таңы мәңгілік” атты мерекелік шара өтті.
Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту; олардың санасына тәуелсіздігіміздің оңай келмегенін, қазақ баласының намысты, арлы, абыройлы болуын бойларына сіңіру; адал болуға, патриот болуға шақыру.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасын көрініс түрінде көрсетіп, сол жылды көз алдымызда өткендей көрсете білді. Сонымен қатар әуезді әндер мен күйлер ойналып, шара соңы көрерменнің үлкен бір қошеметімен аяқталды.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын;
Қазақ елі жасай берсін;
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Ұйымдастырған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сағынова Іңкәр Тәжіғұлқызы