Құқықбұзушылықтың алдын алу N21 жалпы орта білім беретін мектепте 25 қараша күні құқықбұзушылық, суицид, ерте жүктілік ағымдардың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Кездесуге Аудандық прокуратураның әділет кеңесшісі Сисенов Әділ Даниялұлы, ЮПТ полиция аға лейтинанты Сақышова Айнұр, мектеп директоры Иманалина Райса Бақтығалиқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сағынова Іңкәр Тәжіғұлқызы және Мырқасымов Азамат Удабекұлы қатысты. Мақсаты: 1.Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. 2. Жасөспірімдердің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; * Жасөспірімдерді - жасөспірімдік кезеңінде мүше мен оларда болатын өзгерістер туралы ақпараттандыру; * Жыныс аралық қатынас аралықтарында мәселелерді саналы түрде шешімін табуды үйрету; * Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына, жанұяны жоспарлауға, ата-аналыққа жауаптылыққа позитивті қарым-қатынас қалыптастыру. 3. Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса педагог-психологтарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.