”Логикалық білімдерін дамыту”
N21 жалпы орта білім беретін мектепте 11 қараша күні 4 сынып бірлестігінің “Логикалық білімдерін дамыту” тақырыбында апталықтың ашылуы өтті. Ашылу барысында мектеп директорының бастауыш сыныптың оқу ісі орынбасары А.Ж.Қопашева сөз сөйлеп, жоспар бойынша “Қызықты үзілістер” айдары жалғасын тапты.
1-үзілісте: Б.Сабырғалиқызы “Қызықты шахмат” ойыны арқылы оқушылар топқа бөлініп логикалық сұрақтарға жауап бере отырып орындады. Логикалық тапсырмалар арқылы сыни ойлауын дамытса, шахмат арқылы үстел ойынын ойнады. Логикалық сұраққа жауап бере алған оқушыларға тәттілер таратылды.
2-үзілісте: И.Жәнібекқызы “Сиқырлы сандар” ойынын ойнатты. Ойынның мақсаты есептерді жылдам есептеуге үйреніп, ойлау қабілетін дамыту.
3-үзілісте: М.Нұрланқызы оқушылармен “Су ли фа” ойынын өткізді. Ойынның мақсаты оқушыларлың дене жаттығуларымен қатар, жылдам ойлауын жетілдіру.
4-үзілісте: Б.Нұрхасынқызы мен Г.Аманжолқызы “Мергендер мен жүйріктер” ойынын ойнатты. Ойын барысында оқушылар өрнектің мәнін тауып, боямақты бояды. Оқушылар уақытқа орындап, өз шапшаңдықтарын да көрсетті.












