Спортта жүргеніме 23 жылдан асты. Спорт болған соң жеңіліс пен жеңіс бірге жүреді. Жарысқа кеткенде артыңда қалған ең басты жанкүйерлерім - отбасым мен достарым. Онымен қоса тұтас бір елдің намысын қорғау үшін барымды саламын, - деді параволейболшы Расул Иманғалиев.
Споршылардың басым көпшілігінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар. Аптасына бес күн 3-4 сағаттан жаттығады. Оларды тасымалдауға автобустар қарастырылған. Сондай - ақ жылына екі мәрте тереңдетілген медициналық тексеріс жүргізіліп тұрады.
Айта кетейік, Ұлттық құрама 2023 жылы Астанада өткен халықаралық Азия чемпионатының финалында Қытай командасын ұтып, Париждегі паралимпиада ойындарына 28 жыл дегенде жолдама алған. Ендігі үлкен мақсат - 2028 жылы АҚШ - тың Лос-Анджелес қаласында өтетін паралимпиадаға қатысып, жоғарғы орыннан көріну. Бүгінде оған дайындық басталып та кетті.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/841-paravolejbolshylardy-ma-saty-los-andzheles-2028.html#sigFreeIdc88a76bdfa
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/841-paravolejbolshylardy-ma-saty-los-andzheles-2028.html#sigFreeIdc88a76bdfa












