Бас бапкердің айтуынша, жерлес спортшылар Ұлттық құраманың 80%-ын құрайды және әлемде параволейболдан 78 құрама болса, еліміздің құрамасы рейтинг бойынша бесінші орында тұр.
- Бүгінде елімізде 800 мың шамасында мүмкіндігі шектеулі адам болса, оның 17 % балалар, ал аймақтағы 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның 15-20% балалар. Оларды өздері таңдаған спорт түріне бейімдеуге дайынбыз. Мүгедектер клубында жиырма шақты спорт түрінен тегін үйірмелер қарастырылған. Мұндағы азаматтар спорт арқылы денсаулығын нығайтып қана қоймай, қоғамнан өз орындарын табады, - деді Б. Тахауов.
Бас бапкердің сөзінше, былтыр аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің қолдауымен конкурс арқылы спортшылардың жалақысы көтерілді. «Бұл жер жай ойын алаңы емес, түрлі тағдыр тоғысқан, рухы мықты адамдардың ортасы» деді ол












