«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай - ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.