Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірде 102 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 62-сі көпірдің жоғарғы бөлігінде, 40-ы көпір асты аймағында орналасқан. Камералар онлайн режимінде жұмыс істейді, бұл жолдың жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.
Өңір тұрғындары көпір су қоймасының екі жағындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасы мәселесін шешкенін айтады. Аталған көпір азаматтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, тауарлардың қозғалысын жеделдетіп, халықтың барлық қажетті қызметтері мен қажеттіліктеріне қол жеткізілді.
Күршімдегі көпір - жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес.
Жергілікті тұрғын Айбар Еріков атап өткендей, көпір «үлкен әлемге ашылған есік» болды: 
«Қыста Бұқтырма су қоймасының арғы жағына өту үшін қалың мұздың қатуын күткеніміз есімде. Енді біз бұл туралы ойламаймыз! Көлікке отырасың - арғы жағадан шығасың. Біз үшін бұл көпір үлкен әлемге ашылған есік сияқты. Қалаға бару әлдеқайда жеңіл, жылдам және қауіпсіз».