Бұдан бөлек департамент басшысы атқарушылық саладағы басты жаңашылдықтардың бірі «сот орындаушы роботтың» іске қосылуы екенін атап өтті.
- Бұл жүйе борышкерлермен жұмыс істеу процесін автоматтандырып, азаматтардың уақытын және қаржысын үнемдеуге бағытталған. Бұрын қарызды уақтылы өтемегендер жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының қосымша 25%-на дейін төлеуге мәжбүр болды. Статистика көрсетіп отырғандай, цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінге дейін республика бойынша 2,2 млрд теңге сомасында 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Оның ішінде азаматтар жеке сот орындаушыларына қызмет ақысының 25% алып тастау есебінен 550 млн теңгені нақты үнемдеді, - деді А. Каримов.
Айта кетейік, «сот орындаушы роботтың» енгізілуі қазақстандықтарға жылына шамамен 5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.