Қиғаш өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Туризмді дамыту үшін басқарма және тиісті мекемелермен бірлесіп, туризм саласын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленуде. Олар: туристік инфрақұрылымды жақсарту, туристік нысандардың қызметін жетілдіру, өңірдің туристік әлеуетін көтеру және ақпараттандыру, облыстың бірыңғай туристік брендін әзірлеу, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризм бағыттарын дамыту және іс-шаралар ұйымдастыру, - деді Е.Ниетжанов.
Былтыр тоғыз айдың қорытындысына сәйкес өңірге 112 мыңнан аса турист келді. Олардың ішінде 94 мың адам ішкі, 18 мың азамат сырттан келгендер. Бүгінде 250-ге жуық туристік нысан бар. Сондай-ақ өткен жылдық қорытындысына сәйкес туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 23,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/691-sonymen-atar-rman-azy-audanynda-y-lotos-al-abyna-barar-zholdy-zha-sartu-ma-satynda.html#sigFreeIdfce91367d7
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/691-sonymen-atar-rman-azy-audanynda-y-lotos-al-abyna-barar-zholdy-zha-sartu-ma-satynda.html#sigFreeIdfce91367d7












