Атырау облысының туристік әлеуетін жақсарту мақсатында халықаралық және республикалық «Almaty Kitf 2025» көрмесіне қатысу, саяхатшы блогерлерге арналған турлар ұйымдастыру, ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында гастрономиялық фестивальдер өткізу, экстремалды туризмді дамыту үшін Нарын құмында джип-турлар ұйымдастыру, жол нұсқаушы-гидтерді оқыту және туристік маршруттардың санын 30-ға жеткізу жоспарланды.
 
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ернұр Ниетжанов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.