2025 жылдың 6-7 ақпан аралығында Жылыой ауданы аумағында “КӨКТЕМ - 2025” Республикалық командалық - штабтық оқу - жаттығу өткізіледі.
Осыған байланысты, Жылыой ауданы тұрғындарын бұл жайтқа түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындап, оқу - жаттығуға көмектесуге шақырамыз.
Оқу - жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, 6-7 ақпан күндері бірнеше рет ДАУЫЛДЫ ДАБЫЛ берілетін болады. Белгіленген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін.
Сондай - ақ, аудан тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК - нің 443 - бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз.