Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.
Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блокта оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптармен үстел ойындары қойылған.
Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп - шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі - оқу процесінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді меңгерген білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.
Бұдан бөлек, елімізде 510 мың оқушы орнына арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
2024 жылы 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтті.
Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай - ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын азайту мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда.
2025 жылы 28 білім беру ұйымдарының құрылысы жалғасуда, ол қосымша 25 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.
300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады.