Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аудандық және ауылдық 1000 мектеп жаңғыртылуда.
Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарының 67%-ын (5236 мектеп) аудандық және ауылдық мектептер құрайды, оның ішінде 4 мың мектеп жаңғыртылды.
Таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Реновация мектептердің материалдық - техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл шаралар халықтың туған жерінен табан аударып, қалаға жаппай көшу мәселесін де шешеді.












