Жалпы, елде ғылыми зерттеулермен 425 ұйым айналысады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11-ге көп. Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті, оның 46%-ы жас ғалымдар.
Мемлекет ғалымдарға, оның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында 2024 жылы 315 жас ғалым пәтер алды. Оның 290-ы «Отбасы банкімен» бірлесіп іске асырылатын арнайы ипотекалық бағдарлама аясында, ал 25-і өтеусіз негізде тұрғын үй алды.
2025 жылдың басынан бастап 36 жас ғалым тегін негізде пәтер алды.
Мемлекет басшысының әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда осы тапсырманы іске асыру аясында 1475 тағылымдама берілді.
Сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021-2024 жылдар аралығында гранттық қаржыландыруға 16 конкурс өткізілді, соның нәтижесінде 2 мыңнан астам ғылыми жоба іске асырылды.
Жыл сайын ғылымға қосқан үлесі және ғалымдарды ынталандырғаны үшін 2000 АЕК мөлшерінде 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы беріледі.
Докторларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы өсуде. Мәселен, егер 2022 және 2023 жылдары докторантураға берілетін гранттар саны тиісінше 1815 және 1919 грантты құраса, 2024 жылы 2919 грант бөлінді.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/444-memleket-alymdar-a-ony-ishinde-zhas-alymdar-a-zhan-zha-ty-oldau-k-rsetedi.html#sigFreeIdd1600589c2
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/bilim-a-parattandyru/444-memleket-alymdar-a-ony-ishinde-zhas-alymdar-a-zhan-zha-ty-oldau-k-rsetedi.html#sigFreeIdd1600589c2












