Сонымен қатар Құрманғазы ауданындағы лотос алқабына барар жолды жақсарту мақсатында Қиғаш өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Туризмді дамыту үшін басқарма және тиісті мекемелермен бірлесіп, туризм саласын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленуде. Олар: туристік инфрақұрылымды жақсарту, туристік нысандардың қызметін жетілдіру, өңірдің туристік әлеуетін көтеру және ақпараттандыру, облыстың бірыңғай туристік брендін әзірлеу, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризм бағыттарын дамыту және іс-шаралар ұйымдастыру, - деді Е.Ниетжанов.
Былтыр тоғыз айдың қорытындысына сәйкес өңірге 112 мыңнан аса турист келді. Олардың ішінде 94 мың адам ішкі, 18 мың азамат сырттан келгендер. Бүгінде 250-ге жуық туристік нысан бар. Сондай-ақ өткен жылдық қорытындысына сәйкес туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 23,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты.