Ауданымызда “Мүмкіндігі шектеулі болса да, шығармашылығы шексіз” тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығына арналған мәдени шара өткізілді. N21 жалпы орта білім беретін мектеп атынан 6 “Б” сынып оқушысы Мұратұлы Жұмахан қатысып өз өнерін баршаға паш етті. Жұмаханға сынып жетекшісі С.Жармаганбетова және сыныптас достары жанкүйер болып барып қайтты.
Жұмаханымызға алдағы болашағына зор үміт артамыз және ақ жол тілейміз!