Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің ІІ орын жеңімпазы N21 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханова Гульназ Аманжоловнаны жеңісімен құттықтаймыз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар бақ сынайтын алдағы облыстық кезеңге сәттілік тілейміз. Асығы алшысынан түсіп, топ ішінен дараланып озып, дарабоз атануына тілектеспіз!