”АҚБЕРЕН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ!
2024 жылдың 21 қазан күні N5 орта мектеп базасында 8 - 11 сынып оқушыларына арналған аудандық “Ақберен” байқауы өтті. Осы аталған байқауға N21 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысып жүлделі орындармен оралды. 4 номинация бойынша өткен сайыс қорытындысы бойынша:
1. Ұлттық аспапта өнер көрсету - 9 сынып оқушысы Сағындық Санжар І орын;
2. Шешендік, білгірлік сайысы - 10 сынып оқушысы Басшықызы Дария ІІІ орын;
3. Эссе жазу - 10 сынып оқушысы Абзалқызы Кәусар ІІІ орын;
4. Шығармашыл оқушы - Амантай Арайлым “Сертификат”
Өнер байқауына қатысқан, жүлделі орындармен оралған оқушыларымызға және дайындаған пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!












