28.02 күні 2«Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Заттар неге қозғалады?» тақырыбында Сегізбаева Мейрамгүл ашық сабақ өткізілді. Сабақ психологиялық ахуалмен басталды. «Білім сатысы» ойыны арқылы өткен сабаққа шолу жүргізілді. Жаңа сабақ практика жүзінде көрсетіліп, бейнесюжет көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жұптық, жек жұмыс түрлері жүргізілді. Жаңа сабаққа прақтикалық жұмыстар жүргізілді. Оқушыларды «Арқан тартыс» ойыны арқылы сергіту сәті ұйымдастырылды. Сабақты бекіту кезінде «Кеме ойыны» арқылы бекітілді. Оқушылар өз-өздерін бағалап, көңіл күй рефлексиясы білдірді. Сабақ өз мақсатына жетті.












