28 ақпан күні апталық жоспарына сәйкес 2 «Ә» сыныбында дүниетану пәнінен «Ежелгі адамдардың шаруашылыққа өтуі» тақырыбында Рахымғалиева Әсем ашық сабақ өткізілді. Сабақ «Біз қандаймыз?» психологиялық ахуалмен басталды. «Пирамида сұрақтары» әдісі бойынша өткен сабаққа шолу жүргізілді. Жаңа сабақ түсіндірмесі бейнесюжет арқылы көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар осы жұмыс түрлеріне белсене қатысты. Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Нейрожаттығу» сергіту сәті ұйымдастырылды. Сабақты бекіту кезінде «Борщ пісірейік» ойыны арқылы оқушыларға сұрақтар берілді. Сабақ соңында «Жеміс ағашы» арқылы оқушылардан рефлексия алынды. Мұғалім жүрекше арқылы оқушыларға кері байланыс жасады.












