27 ақпан күні апталық жоспарына сәйкес 4 сыныптар арасында «QAZAQSHA QUIZ UI» тақырыбында Орахова Жаныл Салыхқызы, Джумабаева Гаухар Полатовна интеллектуалды ойын өткізілді.Ойынның мақсаты оқушылардың білімін жетілдіру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, сыни ойлау дағдыларын дамыту. Ойынға әр сыныптан 2 оқушыдан 12 оқушы қатысты. «Асық» таңдау арқылы топқа бөлінді. Әділқазылар Клара Серікқызы, Гүлзада Байғазықызы, Камила Кабидоллақызы сайланды. Ойынның шарты I-раунд Беташар II-раунд Сүгірет III-раунд Тыңда IV-раунд Бәстік. Әр раунд бойынша 7 сұрақтан беріліп, соңында жауап парақтары жиналып алынды. Қазылардың қорытындысы бойынша Жасұлан тобы 1-орын, Жасқыран тобы 2-орын, Дарын тобы 3-орынға ие болды. Оқушыларды дипломдармен марапаттап, ынталандыру сыйлықтары берілді. Ойын соңында оқушылар өз пікірлерін айтып, ұстаздарға ұсыныстарын айтты.