26 ақпан күні апталық жоспарына сәйкес 2 сыныптар арасында «Қызық екен...» интеллектуалды ойын өткізілді. «Қызық екен...» интеллектуалды ойынының мақсаты оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту. Өздерін еркін ұстай білуге, шапшаң ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
 
Бұл ойынға әр 2 сыныптан екі оқушыдан таңдалынып алынды. Барлығы 12 оқушы қатысты. Осы оқушыларды 2 топқа бөлдік. «Қызық екен...» ойыны 12 ұяшықтан құралды. Жануарлар, жеміс-жидек, адам миы, математик, теңіздегі тіршілік, ғаламшар, мектеп, тәжірибе деген ұяшықтардан тұрды. Топтар өздерінің қалаған ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан берілді. Әр сұрақтан кейін, сол сұраққа жауап ретінде бейнесюжеттер және іс-тәжірибелер көрсетілді.