2 «В» сыныбында математика пәнінен «1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері» тақырыбында Дүйсенбекова Гүлзада Байғазықызы ашық сабақ өткізді. Сабақ «Біз қандаймыз?» жағымды көңіл-күймен басталды. Wordwall әдісімен өткен тақырыпты бекітті. Жаңа тақырыпты «Жұмыртқа» әдісімен жаңа тақырыпты түсіндірді. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізілді. «Әуе шары» әдісімен жұптық жұмыс жүргізілді. Оқушылар жеке жұмысқа есеп шығарды. Математикалық диктант жазды. Сабақты бекітуге «Сиқырлы кітапхана» әдісін қолданды. Сабақ соңында оқушыларды «Асық» әдісімен бағалап, кері байланыс жасалды.












