25 ақпан күні апталық жоспарына сәйкес 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жалқы және жалпы есім» тақырыбында Орахова Жаныл Салыхқызы ашық сабақ өткізілді. Сабақ жағымды көңіл-күймен басталып, «Балмұздақ» әдісімен өткен сабақты қорытындылады. Сабақ барысында оқушылармен жеке, жұптық жұмыстар жасалды. Wordwall әдісімен жаңа тақырып бекітілді. Оқушылар дискриптор бойынша «Classdojo» әдісімен бағаланып, «Gynzy» әдісімен кері байланыс жасалды.












