“№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 2024-2025 оқу жылының жоспары бойынша бастауыш 2-сынып бірлестігі өткізген 24.02-28.02.2025 аралығында өтетін «Бастауыш білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері” тақырыбындағы.
 
«Жаңа технология, жаңа ізденіс, жаңа идея» атты апталықтың ашылуы 24 ақпанда өткізілді. Апталық жоспары бекітіліп, таныстырылды. Жоспарға сай саптық жиын ұйымдастырылып, апталықты мектеп директорының оқу ісі орынбасары Ақмарал Жалғасқызы ашып берді. Бірлестік жетекшісі Жаңыл Салыхқызы апталық жоспарымен таныстырды. 2-сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, әуезді әнмен, мың бұралған билерімен өнер көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімі Шадирова Рауза оқушыларға ұлттық ойын «Арқан тартыс», «Бәйге» ойындарын өткізіп, жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтарын табыстады.