N21 жалпы орта білім беретін мектепте 11 сәуір күні “Мұқағали оқуларының” мектепішілік кезеңінде 1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»-Мұқағали шығармаларын жатқа айту; 2. ⁠«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» -жас дарындар конкурсы. (өз шығармасын арнау) бөлімдері бойынша сайыс өтті. Қазылар алқасының шешімімен 10 «в» сынып оқушысы Ғабиденқызы Аяулым «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…»-жас дарындар бағыты бойынша І-орын алып аудандық сайысқа жолдама алды. Оқушымызға сәттілік тілейміз