Үздік бастауыш сынып мұғалімі Облыста 14-15 қараша күндері бастауыш сынып педагогтерінің арасында “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” атты сайыс өткізілді. Аталмыш сайыстан Жылыой ауданы N21 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алдонгарова Акмарал Атырауовна қатысып “Шығармашыл педагог” номинациясымен марапатталды. Атырауовнаға алдағы еңбегіне жеміс тілей отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз. Мектеп әкімшілігі.