ХАБАРЛАНДЫРУ 1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің» №21 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға мына пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды: 1. Педагог-ассистент - 2 жүктеме (тұрақты) 2. Орыс сыныбындағы бастауыш сынып мұғалімі - 1 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уақытша) 3. Психолог - 2 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уакытша); 4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме (тұрақты) 5. Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме (бала күту демалысындағы маман орнына уақытша) 6. Педагог-ұйымдастырушы - 1 жүктеме (тұрақты) 7. Көркем еңбек нұсқаушысы - 1 жүктеме (тұрақты) 2. Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес. 3. Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес белгіленеді. Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2024 жылдың 7-14 қараша аралығында қабылданады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген). 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8)Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа https://hr-nobd.edu.kz/ веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді. Құжаттар №21 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8(71237)2-02-50 Мектептің электронды почтасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.













