”АҚБЕРЕН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ! 2024 жылдың 21 қазан күні N5 орта мектеп базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған аудандық “Ақберен” байқауы өтті. Осы аталған байқауға N21 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысып жүлделі орындармен оралды. 4 номинация бойынша өткен сайыс қорытындысы бойынша: 1. Ұлттық аспапта өнер көрсету - 9 сынып оқушысы Сағындық Санжар І орын; 2. Шешендік, білгірлік сайысы - 10 сынып оқушысы Басшықызы Дария ІІІ орын; 3. Эссе жазу - 10 сынып оқушысы Абзалқызы Кәусар ІІІ орын; 4. Шығармашыл оқушы - Амантай Арайлым “Сертификат” Өнер байқауына қатысқан, жүлделі орындармен оралған оқушыларымызға және дайындаған пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!!!