ЖАЛЫНДА, ЖАСА ЖАС МАМАН
Мектебіміздегі жас мамандарға әдістемік көмек беру мақсатында мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес “Жалында, жаса жас маман“ мектебінің жетекшісі Орынбасар Эльмираның ұйымдастырумен “Ізденейік, үйренейік, жас маман” тақырыбында семинар практикум болды.
Семинар барысында жас мамандарға білім беру бағдарламалары, білім беру жүйесінің негізгі бұйрықтарымен педагог сарапшы Шағатаева Динаш таныстырса, “Күнделік KZ”жұмыс жасау әдістемесімен Дүзембаева Перизат таныстырды.
Семинар ашық сабақтармен толықтырылды, қазақ тілі мұғалімдері Түйешиева Ажар, Ұлағатова Сайра және Курманова Айнаның бірлесіп өткізген сабағында жас мамандар қоржыны әдіс-тәсілдерге толғаны сөзсіз.
Тарих пәнінен Рахметова Роза, Тенелбаева Ансагул, Исанкулова Марина бірігіп сабақ көрсетіп, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жоғары деңгейде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар Кубыкулиева Айкумис пен Бекеева Махаббаттың “Тәрбие мен білім егіз” айдары бағытында ұйымдастырылған тәрбие сағаттар марафонымен жалғасын тапты.
Семинар соңын Мукашева Рауан мен Аманиязова Шынар ұйымдастыруымен кері байланыс арқылы қорытындыланды.
“Ізденейік, үйренейік, жас маман” семинарына ат салысқан ұстаздарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз және еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!!!












