АЛТЫН САҚА 11.10.24 күні N21 жалпы орта білім беретін мектепте “Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі” ЖШС бас директоры Ы.Мәуіт мырзаның хатына сай 03.10.24 күні “Алтын сақа” олимпиадасы өткізіліп, 11.10.24 күні жабылуы салтанатты түрде өтті. Жабылу салтанатында жүлделі орын алған оқушылар дайындаған мұғалімдерімен бірге, сахна төріне шығып, қошеметке және әр сыныптың жанкүйерлік қолдауына ие болып, арнаулы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар өнерлі оқушылардың ән-биімен толықтырылып, әсерленді. Мектепішілік олимпиада барлығы 50-оқушы қатыстырылып, оның 16-сы “ІІІ дәрежелі,” 4-еуі “ІІ дәрежелі” дипломмен, 7-еуі “І дәрежелі” дипломдармен марапатталды. Аудандық “Алтын сақа” олимпиадасына 3 “Б” сынып оқушысы Арманқызы Айзере, 3”В” сынып оқушылары Естайұлы Дамир, Уринбаев Алихан, 4 “А” сынып оқушысы Асқанбай Марлен, 4 “Ә” сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Ислам, 4 “В” сынып оқушысы Тұрсынбай Айша, 4 “Е” орыс сынып оқушысы Жәрдем Темірлан жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!

1