Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінде 2024 жылдың 3 қазанында №21 жалпы орта білім беретін мектепте 3-4 сыныптарға «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 3-сыныптардан барлығы 25 оқушы, қазақ сыныптардан 20 оқушы, орыс сыныптан 5 оқушы қатысты. 4-сыныптардан барлығы 28 оқушы, қазақ сыныптардан 17 оқушы, орыс сыныптардан 10 оқушы қатысты.Қорытынды бойынша аудандық кезеңге өткен 3-сынып оқушылары: 3 «В» сынып оқушысы Урынбаев Алихан 72 ұпаймен, 3 «Б» сынып оқушысы Арманқызы Айзере 69 ұпаймен, 3 «В» сынып оқушысы Естайұлы Дамир 64 ұпаймен өтті.
Аудандық кезеңге өткен 4-сынып қазақ сыныптардан: 4 «А» сынып оқушысы Асқанбай Марлен 88 ұпаймен, 4 «Ә» сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Ислам 88 ұпаймен, 4 «В» сынып оқушысы Тұрсынбай Айша 73 ұпаймен өтті. 4-сынып орыс сыныптардан: 4 «Д» сынып оқушысы Жәрдем Темірлан 62 ұпаймен өтті.