Алтын сақа
N21 жалпы орта білім беретін мектепте 2024 жылдың 1 қазан күні 5-6 сыныптар арасында “Алтын сақа” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. 5 сыныптардан 12 оқушы, 6 сыныптар бойынша 21 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты: Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау; Математика пәні бойынша оқушыларды ғылымға баулу; Оқушыларды математикалық тұрғыдан ұшқыр ойлауға,күрделі есептерді шешуге дағдыландыру;
5-6 сынып оқушылар ішінен ең жоғары ұпай жинаған 6 оқушы “Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңіне ұсынылды.
5-сыныптар бойынша: Қайберенов Закиржан-І орын
Сәлім Наурыз-ІІ орын
Ринатұлы Алихан-ІІ орын;
6-сыныптар бойынша:
Адиетова Айкөркем-І орын
Арманқызы Миршат-ІІ орын
Жұмабай Нұртай-ІІ орын Меньше












