Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Ғылыми жоба үлкен ізденісті, еңбекті талап ететін конкурстардың бірі. Оқу жылының алғашқы жетістігі мектеп мәртебесі үшін үлкен мақтаныш болды. Осындай конкурсқа оқушыларымыз қатысып, нәтижелі жұмыс көрсетті және І,ІІ орын алған оқушыларымыз облысқа жолдама алды. N21 жалпы орта білім беретін мектептің 10 “А” сынып оқушысы Басшықызы Дария физика пәнінен “Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде” бағыты бойынша жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі: Қаражанова Заманай N21 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Аманжолова Ақниет биология пәнінен “Салауатты табиғи орта-“Қазақстан-2030” Стратегиясын жүзеге асырудың негізі” бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Танбаева Майра Турлановна N21 жалпы орта білім беретін мектептің 8 “В” сынып оқушысы Қожық Аягөз этномәдениеттану пәнінен “Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар” бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Туйешиева Ажар Туркпенбаевна Жеңіспен келген оқушыларымызға сәттілік тілеп, үлгілі оқушыларымыздың қатарынан көріне беруін тілейміз!

#Біртұтас_тәрбие_Атырау

#ЖылыойАуданыБілімБөлімі

#ЖылыойАуданыТәрбиеБөлімі