Бастауыш сынып мұғалімдерінің арасындағы семинардың жоспарына сәйкес 3-сынып мұғалімдері Орахова Жаңыл мен Дүйсенбекова Гүлзаданың ұйымдастыруымен «Адам досымен мықты» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сынып «Комплимент» ойынымен басталып, мұғалімдер арасында психологиялық ахуал орнатты. Жалпы дүниетану пәні бойынша алынған сабақтың жүру барысы түсіндірілді. Мақал-мәтел құрастыру арқылы топқа бөлінді. «Шеңбердегі әңгіме», «Кинометафра», «Ортадағы қаламсап», «Құпия айна» әдістерін пайдалана отырып, шебер сыныпты жоғары деңгейде мұғалімдерге ашып көрсетті. Дескриптор құру, сол бойынша оқушыларды бағалау жұмыстарын да, ашып көрсетті. Саралау тапсырмаларын көрсетті. «Үш минуттық кідіріс» әдісін пайдаланып, кері байланыс берді. Осы әдісті пайдалану арқылы мұғалімдердің бұрынғы дұрыс емес пікірін өзгертуге мүмкіндік жасады.
Шебер-сыныптың сәтті тұстары: Мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдерді меңгерді, өз ұсынысын, пікірін айтуға қалыптасты.












