Семинар барысында 2 «Ә» сыныбында математика пәнінен «Өлшеу құралдары» тақырыбында Искакова Гаухар Жарылғасынқызы ашық сабақ өткізді. Сабақ психологиялық ахуал туғызудан басталып, "Сұрақ-жауап" әдісі арқылы өткен материалды қайталады. Оқушылар өткен материалдар бойынша өте жақсы білім деңгейін көрсетті. Сонымен қатар сабақ барысында «Болжау» әдісі мен жұптық жұмыс "Сәйкестендіру" ойыны қолданылды. Сабақты "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойын арқылы қорытындылады. Ойынды топ оқушылары күн, бұлт суреттері арқылы бағалады. «Күн» суреті топтың сәтті тұстары, «Бұлт» суреті топтың сәтсіз тұстары.
Сабақтың сәтті тұстары оқушылар өздері дескриптор құрастыра білді. Қолданылған әдіс-тәсілдер өте тиімді болды.












