Семинардың жоспарына сәйкес «Формативті бағалау мен дескрипторды құрудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингті 4-сынып мұғалімдері Аманиязова Шынар мен Мұздақбаева Аягөз өткізді.
Коучинг лото суыру арқылы мұғалімдер бір-біріне тілек айту арқылы басталды. Бұл әдіс арқылы мұғалімдерге ынтымақтасқан психологиялық ахуал құрастыра білді. Мұғалімдер бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп, бір-біріне деген сыйластықтарын көрсете білді. Одан кейін жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлінді. «Жалғасын тап» ойыны арқылы топтар өлең құрастырып, коучингті аша түсті. «Ой толғаныс» әдісі арқылы Ф.П. Решетников «Опять двойка» суреті көрсетілді. Сурет арқылы мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Мұғалімдердің өз ойларын бекіту мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. І-топ «Синквейн» әдісі арқылы 5-жолды өлең құрастыру, ІІ-топ Үшбу хат, ІІІ-топ Салыстыр «Дейін, кейін». Топтар өз жұмыстарын қорғады. Топты бағалау кезінде топ мүшелерінің сәтсіз тұстарын тауып, қызу талқыланды. Бұл тұста мұғалімдер бір-бірінің білімін толықтырды. Одан кейін үш топқа сурет салу тапсырмасы берілді. Мұғалімдер дескриптор құру арқылы суретті бейнеледі. Жұмыстарын қорғады. Ең соңында жұмыстың дұрыс үлгісі көрсетіліп, мұғалімдер өз қателерін тапты. Бұл жерде коучтар Ш.Аманиязова мен А. Мұздақбаеваның жетелеу, түрткі, сыни ойлау сұрақтарын пайдалану арқылы коучингті жоғары дәрежеде аша білді. «Бес қадам» әдісі арқылы мұғалімдерге кері байланыс, рефлексия жасатты. Коучингтің сәтті тұстары мүғалімдер өз пікірлерін ашық және өз әріптестеріне сыни тұрғыда пікір айта білді. Көпшілік алдында өз ойларын еркін, ашық айтуға қалыптасты. Коучингте қолданылған әдіс-тәсілдер өте тиімді болды.












