"№21 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 22 қазан күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қопашева Ақмарал Жалғасқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Дескриптор құрудың тиімді жолы» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның мақсаты: Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалануды тәжірибелеріне енгізуге көмек беру және тәжірибе алмасу.

Семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздарға сертификаттар табысталды. Қатысушылар «Бір күндік семинарға қатысып, бір жылдық азық алып бара жатырмыз» - деп тарқасты.