"Отбасы күні" мерекесіне орай №21 жалпы орта білім беретін мектепте "Отбасы-бақыт мекені" апталығының іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар барысында спорттық сайыс, мәнерлеп оқу, ата-анаңа қоңырау шал челендждері ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, қоғамда бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.